Қазақстанның бүкіл аумағы жауынды болып, cоңы жабысқақ қарға айналады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бүкіл аумағы жауынды болып, cоңы жабысқақ қарға айналады

Қазақстанның бүкіл аумағы жауынды болып, cоңы жабысқақ қарға айналады

«Қазгидромет» РМК 2014 жылғы 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 2 Қазан 2014
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Қазан айының басы жауынды болып,  жабысқақ қарға айналады. Бұған Баренц теңізіндегі белсенді циклон әсер етіп отыр. Таяудағы үш күннің ішінде Батыс Сібір аумағында онымен байланысты суық атмосфералық ағындар туындап, жауын-шашынға, жабысқақ қарға соқтырады, солтүстік-батыстан күшті жел тұрып, Қазақстанның барлық аумағында дерлік түнде ауаның температурасы 0-5 градусқа дейін суытады», — делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауып, 4 қазанда мұнда да  кейбір аудандарда 0-2 градусқа дейін күн суытуы ықтимал.