Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 2 Қазан 2014
  • 451
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, М. Смағұлов күдікті ретінде уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Бұдан бұрын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі М. Смағұловтың үстінен ҚР ҚК 307  бабы бойынша  (қызметтік лауазымын асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғаған. Смағұлов Қарағанды әкімі кезінде  өз үйіне «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй салған «ЮТЭКС» компаниясының есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алдын ала бағалау бойынша, жөндеу жұмыстарына 5 млн. теңге жаратылған.   

М. Смағұлов 2012 жылдың қазанында Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалған еді. 2014 жылғы маусымда өз өтінішімен отставкаға кетті.