Тунистен кететін туристерге салық салынатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тунистен кететін туристерге салық салынатын болды

Тунистен кететін туристерге салық салынатын болды

1 қазаннан бастап Тунис билігі шетелдік туристер үшін елден кету салығын енгізді: елден шығу үшін шетелдіктер құны 30 динар (17 доллардан сәл астам) тұратын арнайы марканы сатып алулары тиіс. 

  • 2 Қазан 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz


Салық есебінен жиналған қаржы мемлекеттің туристік инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалмақ, деп хабарлайды Вести.

Алдын ала есептеулер бойынша, жаңа салық түрі 2014 жылдың соңына дейін Тунис қазынасына 40 миллион динар (23 млн. доллар) құюы тиіс, ал 2015 жылы бұл сома 120 миллион динарды (69 млн. доллар) құрамақ.