Биылғы жылдың 26-27 қараша аралығында өтетін көрменің тақырыбы — «Жапондық халал өнімдердің ғаламға таралуы және отандық халал өндірісінің дамуы». Шара аясында «Жапонияда жасалған» деген атпен жәрмеңке өтеді. Онда шариғат талаптарына жауап беретін өнімдер жұртшылықтың назарына ұсынылады. Форумға отандық және халықаралық делдалдар, халал өнімдерді сертификаттаумен айналысатын ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысады. Жапония билігі елдегі халал индустрияны дамытуға 2004-2013 жылдар аралығында күншығыс еліне мұсылман туристердің қаптап келе бастаған кезден бері мән бере бастаған. 2004-2013 жылдар аралығында күншығыс еліне әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылман туристердің қарасы 7,2%-дан асып жығылған.
Ал 8-10 желтоқсан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарж қаласында халал өнімдерге арналған ІІІ халықаралық OIC HALAL MIDDLE EAST көрмесі өтеді. 5000 шаршы аумақты алатын алаңда өтетін осынау шараға әлемнің 29-дан аса елі қатысады.