АҚШ-та 450-ге жуық бала сирек кездесетін қауіпті вирусты жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та 450-ге жуық бала сирек кездесетін қауіпті вирусты жұқтырды

АҚШ-та 450-ге жуық бала сирек кездесетін қауіпті вирусты жұқтырды

АҚШ-та 443 бала сирек кездесетін респираторлы ауруды жұқтырды, деп хабарлады Утро.ru.

  • 2 Қазан 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Сырқаттарды бақылау және алдын алу жөніндегі америкалық орталықтың мәліметтері бойынша, балалардың жұқтыру жағдайлары 40 штатта тіркелген. Вирустың тарауы осы жылдың тамызында басталған.

68 энтеровирусының белгілері тұмауға ұқсас. Алайда оның соңы тыныс алудың күрделі дертіне әкеліп, тіпті кей жағдайларда адам сал болып қалуы мүмкін.

Қазіргі таңда вирустың осы түріне қарсы тұратын дәрі-дәрмек жоқ. Дәрігерлердің қолынан бар келетіні — ауру белгілерін жеңілдету. Медицина қызметкерлері эпидемия одан ары тарай береді деген қауіпте.

Бірінші рет бұл вирус жарты ғасыр бұрын тіркелген, алайда оны жұқтыру жағдайлары сирек кездесетін. Оның жаппай белгілері АҚШ-тың батысында білінген. Осы күні вирус Құрама Штаттардың аумағынан сырт елдерге тарап кетті. Таяуда вирустың екі жаңа штаммы Азия мен Австралияда тіркелді.