Қазақстан Қарулы күштеріне шақырылғандар психологиялық тестіден өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қарулы күштеріне шақырылғандар психологиялық тестіден өтеді

Қазақстан Қарулы күштеріне шақырылғандар психологиялық тестіден өтеді

Қазақстан Қарулы күштеріне шақырылғандар психологиялық тестіден өтеді,

  • 2 Қазан 2014
  • 474
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Алматының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Омар Айтқазин.

"Биыл бұл науқанға жаңалықтар енгізілген. Алғаш рет осы күзгі шақырылымда біз қорғаныс істері жөніндегі департамент базасында жастарды психологиялық тестіден өткізіп отырмыз", деді ол бейсенбіде жария етілген "Вечерний Алматы" газетінің "Тікелей линия" рубрикасында.

О.Айтқазиннің айтуынша, ол үшін арнайы психоэмоционалды тестілеуші "Ақсұңкар" жаңа кешені алынған.

"Оған жеке кабинет көзделген, онда әскерге шақырылғандардың психологиялық жағдайы, суицидке бейімділігі тексерілетін болады", деді подполковник.


"Қарулы күштердің имиджін жақсарту үшін тағы бір жаңа ереже енгізілген, бұрын олар әскерге азаматтық киіммен кетсе, енді олар Отанның болашақ қорғаушылары ретінде киінбек. Қалалық жиналу пункттерінде душ кабиналары, шаштараз істейді, ең бастысы, әскерге шақырылғандарға форма беріледі", деді ол.