Жайлаудан бір отар қойды айдап әкеткен күдікті құрықталды - Ақтөбе облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жайлаудан бір отар қойды айдап әкеткен күдікті құрықталды - Ақтөбе облысы

Жайлаудан бір отар қойды айдап әкеткен күдікті құрықталды - Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында жайлаудан бір отар қойды айдап әкеткен күдікті құрықталды.

  • 2 Қазан 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға хабарласқан 47 жастағы ақтөбелік азамат жазғы жайылымнан 43 қойының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін жеткізген.

Күдіктіге 1,2 млн теңгеден астам шығын келтіріліпті.

Жедел-іздестіру шарасы барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алға қаласының 43 жастағы тұрғыны құрықталды. Ұрланған мал табылып, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ешқайда шықпау туралы қолхат негізінде босатылды.