Әкімнің отставкаға кету себептері мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімнің отставкаға кету себептері мәлім болды

Әкімнің отставкаға кету себептері мәлім болды

Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закарьянов өз қызметінен кету туралы өтініш білдірді. Оның мұндай шешім қабылдауына отбасылық жағдайы және басқа жұмысқа ауысуы себеп болған. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жетекшісі Владимир Дудов хабарлады. 

  • 2 Қазан 2014
  • 525
Фото - Caravan.kz


Еске сала кетейік, сәрсенбі күні түстен кейін қала әкімі Т.Закарьянов отставкаға кету туралы аймақ басшысы Ерік Сұлтановқа өтініш берген.

«Кеше Петропавл қаласының әкімі Закарьянов Төлеген Қабыкенұлы отставкаға кету туралы өтініш берді. Оның себептері — басқа жұмысқа ауысуы және отбасылық жағдайы. Қазіргі уақытта отставкаға жіберу мәселесі заңнамамен бекітілген тәртіпте қаралып жатыр. Отставканы келісуге байланысты әрекеттерді реттейтін процедуралар бар. Отставка мемлекеттік қызмет туралы заңмен реттеледі. Бұл заң өтінішінің негізінде оның міндеттерін тоқтатуға негіз болады. Бүгінде Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес барлық материалдар Президент Әкімшілігіне жолданады. Негізінен бұл өтініш бір апта ішінде қаралады. Бұл оның өз еркімен қабылдаған шешімі. Әрбір мемлекеттік қызметкердің отставкаға кетуге немесе өз қызметінен кетуге өтініш білдіруге құқығы бар», — деді СҚО әкімі аппаратының жетекшісі Владимир Дудов.

Қала әкімінің міндетін атқару әзірге оның орынбасары Қайролла Галеевке жүктелді.