«Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының судьясы Жұмабай Әбішев инстанцияға түскен шағымды қарап шыққан. Қазыбек би аудандық сотының 2014 жылдың 26 қыркүйегіндегі Б.Әбдішевті қамауға алу туралы шешімі өз күшінде қалдырылды», — деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Осыған дейін хабарланғандай, Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының шешімімен Б.Әбдішев екі айға қамауға алынды. Облыстың бұрынғы әкіміне ҚР ҚК 307-бабының 4-тармағы бойынша тротуар плиткаларын шығаратын «ЕуроСтандартҚарағанды» ЖШС зауытының мүдделерін қорғады деген айып тағылып отыр.
Іс материалдары бойынша кәсіпорын оның танысының атына тіркелген. 2012 жылдың қаңтары мен мамырында «ЕуроСтандартҚарағанды» ЖШС мен «Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүл бақтарын басқару» КМК арасында бекітілген екі келісімшарттың сомасы 1,2 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады.
Еске сала кетейік, Б.Әбдішев Қарағанды облысының әкімі болып 2013 жылдың қаңтарында тағайындалды. 2014 жылдың маусымында отставкаға жіберілді. Оның орнына осыған дейін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Нұрмұхамбет Әбдібеков келді.
