Семейде шұңқырға құлаған құнажын құтқарушыларды әбігерге салды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  шұңқырға құлаған құнажын құтқарушыларды әбігерге салды

Семейде шұңқырға құлаған құнажын құтқарушыларды әбігерге салды

Семейде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қиын жағдайға тап болған адамға қол ұшын созды. Сиырын шұңқырдан алып шыға алмаған шаруа олардан шұғыл көмек сұраған.

  • 3 Қазан 2014
  • 184
Фото - Caravan.kz

Әдеттегідей малын жайлап жүрген азамат қорасында бір сиырдың жоғалып кеткенін байқапты. Біраз уақыт бойы іздегеннен кейін ол ірі қараны ауладағы жасанды жертөледен тапқан. Тереңдігі 2 метр болатын шұңқырдың беті жабылмай қалып, сиыры ішіне құлап кетіпті. Алғашқыда өздігінен әрекет еткен иесі ақыр аяғында құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды. Мамандар сиырды шығарып алу үшін альпинистік арқанды пайдаланды. Салмағы 200 келіден асатын құнажынды құтқару шарасы бір сағатқа созылған.