Шахид белдігін байлаған жанкешті автобус жанына келіп өзін өзі жарып жіберген. Бұл осы аптадағы Ауғанстанның ұлттық әскери күшіне жасалып отырған екінші лаңкестік шабуыл. Сейсенбі күні ғана осындай жойқын жарылыстан 7 адамның өмірі қиылған болатын. Бұл жолғы лаңкестік әрекетті де «Талибан» ұйымы мойындарына алыпты. Содырлар мұны Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің АҚШ-пен арадағы келісіміне жауап деген.