«Боко Харам» лидері өзінің ажал құшқаны туралы хабарды жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Боко Харам» лидері өзінің ажал құшқаны туралы хабарды жоққа шығарды

«Боко Харам» лидері өзінің ажал құшқаны туралы хабарды жоққа шығарды

«Боко Харам» исламшылар тобының басшысы өзінің өлім құшқаны  туралы хабарды жоққа шығарды.

  • 3 Қазан 2014
  • 364
Фото - Caravan.kz


Франс-Пресс агенттігіне келіп түскен бейнежазбада Әбубакар Шекау сондай-ақ «Боко Харам» бақылауындағы аумақта қатаң шариғат заңдары орнатылып жатқанын мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, адамға тас лақтыру мен оның аяқ-қолдарын кесу шаралары да қолданылып жатыр. 

Айта кетейік, осыған дейін Нигерия әскері Әбубакар Шекаудың қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын. 36 минуттық бұл бейнежазбаның қашан түсірілгені белгісіз, алайда тілшілердің сөзіне қарағанда, онда сөйлеп тұрған адам «Боко Харам» жетекшісіне қатты ұқсайды, деп хабарлады ВВС.