Қазақстанда «супермаркеттер ұрпағы» өсіп келеді - сарапшы пікірі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «супермаркеттер ұрпағы» өсіп келеді - сарапшы пікірі

Қазақстанда «супермаркеттер ұрпағы» өсіп келеді - сарапшы пікірі

Қазақстанда «супермаркеттер ұрпағы» өсіп келеді. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Sport Concept» қоғамдық қорының президенті Анна Шелепова мәлімдеді.

  • 3 Қазан 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, биыл жазғы каникулда Қазақстан бойынша жасөспірімдердің 19 пайызы бос уақыттарын супермаркеттерде, дәмханалар мен фастфудтарда, әр түрлі ойын автоматтарының алдында өткізген.

«Мұның барлығы елімізде аулалық спорттың дамымағандығынан, саламатты өмір салтын насихаттау үдерісінің өз деңгейінде жүргізілмегендігінен орын алып отыр. Біздің әлеуметтік сауалнамамызға сүйенсек, ата-аналардың 9 пайызы балаларының жазғы уақытта немен шұғылданып жүргендерінен тіпті бейхабар. Балалардың 10 пайызы бос уақыттарын үйде компьютердің алдында өткізсе, 36 пайызы балалар ауласында өткізген. Бұл жерде бір айта кететін жәйт, ата-аналардың 36 пайызы аулада ойнауды  балалар үшін қауіпті деп санайды. Өйткені, қазіргі таңда аулалардың көбісі қараусыз күйде, ал ондағы құрылғылар ескірген. Ал өткен жылы денсаулық сақтау мнистрлігі тарапынан саламатты өмір салтын насихаттауға 1,5 млрд. теңге бөлінсе де жағдай сол қалпында»- деді өз сөзінде Анна Шелепова.