Айдана Досқалиеваны өлтірген күдікті қамауға алынды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдана Досқалиеваны өлтірген күдікті қамауға алынды - БҚО

Айдана Досқалиеваны өлтірген күдікті қамауға алынды - БҚО

Орал қалалық сотының қаулысымен Зеленов ауданы Щапов ауылының тұрғыны, 25 жасар Айдана Досқалиеваны өлтірді деп айыпталып отырған Бекболат Хасанғалиевке екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

  • 3 Қазан 2014
  • 615
Фото - Caravan.kz

БҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қылмыстық тергеу органдарының мәліметі бойынша «ВАЗ-2106» автокөлігімен жолаушы тасымалдаумен айналысқан Б.Хасанғалиев биылғы 14 тамызда Орал-Атырау күре жолында А.Досқалиева мен бейтаныс адамды көлігіне отырғызған. Екінші жолаушы Щапов ауылында түсіп қалған да, Хасанғалиев Айдананы Жайық өзенінің жағасына апарып, зорламақшы болған. Ақыры қызды ұрып-соғып, суға батырып өлтірген.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.