Украин циркі алматылықтарды таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украин циркі алматылықтарды таңқалдырды

Украин циркі алматылықтарды таңқалдырды

Украин циркі Алматыда қонақта! Әртістер өздерімен бірге биле алатын арыстан мен ән айтатын аюды да ала келген екен. Бұл – бізде бұрын-соңды болмаған шоу.      

  • 4 Қазан 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz


Әуеде оп-оңай қалықтаған акробаттар да таңғалдырмақ. Олар бірнеше метр биіктікке бір жіппен ғана көтеріліп, түрлі трюктар орындайтын болады. Атақты мультфильм кейіпкерлері далматин күшіктері де бар мұнда. Ал күлегеш клоундар ішек-сілені қатырады. Бұл Украин әртістерінің Қазақстанға бірінші келуі екен. Алғашқы күні ауыр дертке шалдыққан мың балаға билеттер тегін таратылды. Цирк тура 30 күнге созылады.