Ұсталған 26 жастағы жігіт өз еліміздің азаматы болып шықты. Ол алтын бұйымдарды кәдімгі ұн сақтайтын қапшықтарға салып әкелген. Бұл азамат әуежайдан шыға берісте ұсталды. Ал оның Стамбұлдан алып келген алтындарының бәрі – аса бағалы зергерлік бұйымдар. Арасында білезік, сырға, сақина және көзіне жақұт орнатылған түрлі әшекей заттар бар. 60 келі алтын арнайы қоймаға апарылып қапшықтардың иесі тергеу қапасына қамалды.