Ұлық мерекеге орай бүгін елордадағы ең үлкен мешітте адам қарасы көп. Жиналған жұрт айттың бірінші күні алдындағы Арафа күні дұға -тілегін жасап құран бағыштап жатса, тазалық мамандары мен ішкі істер органдары сақтық шараларын бастап кеткен. Өйткені ертең «Әзірет сұлтан» мешітіне Елбасы келіп, жамағатты айтулы мерекемен құттықтайды. Айта кетейік, бұған дейін бас кеңсесі Алматы қаласында болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл елордаға қоныс аударды.
Ержан қажы Малғажыұлы, Бас мүфти:
— Биыл Құрбан айтты басқарма Астана халқымен тойлайтын болады. Астана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына құтты мекен болып, елдің игілігі, амандығы жұмыс істеуімізге нәсіп етсін. Бүгінгі күнге жеткізген Аллаһ Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын.