«Алдын ала мәліметтер бойынша, үш су көлігі — екі катер мен бір байда қайығы ұсталған. Оқ су көліктерінің моторларына қарата атылған. Оқиғаның толық мән-жайы дүйсенбі күні таңертең айтылады», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Атырау облысының табиғатты қорғау прокуроры Қайрат Өтеутілеуов.
Айта кетейік, Атырау облысында «Бекіре» шарасының 10 қыркүйекте басталған күзгі кезеңінен бері балық аулауда 51 заң бұзушылық тіркелген. Сондай-ақ браконьерлер мен алыпсатарлардан үш келі қара уылдырық, 1 тонна 400 келі балық, оның ішінде 500 келі бекіре тұқымдастар тәркіленген.