Мұндай қорытындыны аурудың таралу бағыты мен әуе компанияларының ұшу бағыттарын саралап көрген ғалымдар жасап отыр. Атап айтқанда, Францияда безгектің таралу қатері 24 қазанда 75% құраса, Ұлыбританияда — 50% жетпек. Сондай-ақ Эбола Бельгия, Испания, Швейцария елдерінің халқына да өз зардабын әкелуі мүмкін.
«Вирустың таралуы мүмкін дейтіндей елдердің нақты тізімі жоқ, әңгіме тек ықтималдылық жайлы болып отыр. Алайда оны жұқтыру ықтималдығының барлығы үшін артып келе жатқаны шындық», — дейді Бостон университетінің профессоры Алекс Веспиньяни.