Екі мемлекеттен зейнетақы алып келген әжейдің қылмысы әшкереленді - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі мемлекеттен зейнетақы алып келген әжейдің қылмысы әшкереленді - Ақмола облысы

Екі мемлекеттен зейнетақы алып келген әжейдің қылмысы әшкереленді - Ақмола облысы

Ақмола облысында жанжал шықты. Егде жастағы әйел 18 жыл бойы Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік қызметтерін алдап келген.

  • 6 Қазан 2014
  • 522
Фото - Caravan.kz

Осынша уақыт бойы ол екі  төлқұжат бойынша өмір сүріп, екі мемлекеттен бір уақытта зейнетақы алып отырған.

1991 жылы Степногорск қаласының тұрғыны Надежда Бурцева милицияға төлқұжатының жоғалғанын айтып, арызданған. Оның орнына оған «ҚР азаматы» деген белгісі бар екіншісін берген. Құжаты жоғалған деген сылтаумен әйел Ресейдің Томск қаласына туған қызына барып тіркеуге тұрып, Ресей азаматтығын алып, жұмысқа орналасқан.

1994 жылы әйел Қазақстан мен Ресейде өзін  зейнеткерлікке тұрғызып алды және тиісті мерзімде жеке куәлігін өзгертіп отырды. Кеткен кезде ол қазақстандық зейнетақысын алу үшін таныстарына сенімхат қалдырып кетті. Сонымен бірге оған Ресей зейнеткерлік қоры да оған ақша аударып отырған.

Мүмкін бұл жағдай байқаусыз қалар еді. Алайда сәуір айында Ресей азаматы Степногорскқа келіп, пәтер үшін талас басталған кезде оның шетелдік азамат екені анықталды. Полиция тергеуді бастады.


Белгілі болғандай, соңғы жылдары екі азаматтықпен 4 миллионнан астам ақша алған. Полиция тергеуді бастады. Степногорск соты оны аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін айыпты деп тапты. Оның жасы мен жасаған қылмысына өкініш білдіргені үшін сот 75 жастағы Надежда Бурцеваны  үш жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырды, деп жазады express-k.kz.