Қызылордалық спортшы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық спортшы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді

Қызылордалық спортшы мәнерлеп сырғанаудан халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді

Германияның Дрезден қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при додасының алтыншы кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеге 20 елден 28 спортшы қатысты.

  • 6 Қазан 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, қорытындысында 164.79 баллмен  күміс жүлдеге ие болды, — деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, Элизабет қыркүйек айында Жапонияда өткен Гран-при додасының төртінші кезеңінде 3-орынды иеленген болатын.


Енді Элизабет 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.