Мұндай шешімнің қабылдануына Әблязовтың бостандыққа шығуы үшін қажетті кепіл бере алмауы себеп. Яғни адвокаттардың Әблязов ешқайда қашпайды деген уәжі сот алқасын сендіре алмаған. Қазақстанда оған жалпы соммасы 6 млрд долларды қолды қылғаны үшін бірнеше қылмыстық іс қозғалған. БТА-банктің бұрынғы төрағасы былтыр жазда Францияда қолға түскен болатын. Бірақ ресми Париж бен Астана арасында қылмыскерлерді бір-біріне тапсыру жайлы келісім жоқ. Сондықтан оның не Ресейге, не Украинаға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.