Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Якутиядан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Якутиядан табылды

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Якутиядан табылды

Якутия ІІМ-нің қылмыстық іздестіру басқармасының ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының 34 жастағы азаматын анықтады, деп хабарлайды SakhaLife.

  • 7 Қазан 2014
  • 460
Фото - Caravan.kz


Бұл азаматқа Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған. Өткен жылдың қазан айында ұрлық әрекетіне қатысы болғаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдікті 2014 жылдың қаңтар айында ізін суытқан, артынша оған іздеу жарияланды. 

Жуырда якутиялық құқық қорғау қызметкерлері ол осы жылдың шілде айында аталмыш республиканың Булун ауданының Тикси кентіне келіп, коммерциялық ұйымға жұмысқа тұрды, деген ақпар алады.

Қазіргі уақытта ер адам ұсталды, оған іздеу жариялағандар бұл туралы хабарландырылды.