Қазақстанның Үндістан, Иордания мен Катардағы елшілері жаңадан тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Үндістан, Иордания мен Катардағы елшілері жаңадан тағайындалды

Қазақстанның Үндістан, Иордания мен Катардағы елшілері жаңадан тағайындалды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Үндістан, Иордания мен Катардағы жаңа елшілерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

  • 7 Қазан 2014
  • 723
Фото - Caravan.kz

Болат Сәрсенбаев Иордан Хашимит корольдігі, Ирак, Ливан мен Палестинадағы елші қызметінен босатылды. Бұдан былай ол Үндістандағы дипломатиялық өкілдікке жетекшілік етпек.

Иордания елшісі болып Азамат Бердібай тағайындалды. Соған байланысты ол Катардағы елші қызметінен босатылды.

Ал, Қазақстанның Катардағы елшісі қызметіне Асқар Шоқыбаев тағайындалды, делінген хабарламада.