"Grant.kz-2014" интернет-жүлдесінің жаңа маусымы басталып кетті - Маңғыстау облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Grant.kz-2014" интернет-жүлдесінің жаңа маусымы басталып кетті - Маңғыстау облысы

"Grant.kz-2014" интернет-жүлдесінің жаңа маусымы басталып кетті - Маңғыстау облысы

«Маңғыстау облысы бойынша үздік сайттардың Интернет-жүлдесі Grant.kz» конкурсына қатысу қазан айының бірінен басталды.

  • 7 Қазан 2014
  • 547
Фото - Caravan.kz

            «Маңғыстау облысы бойынша үздік сайттардың Интернет-жүлдесі» бұл – Қазақстанда бойынша жыл сайын аймақтық деңгейде өтетін шаралардың бірі де бірегейі. Бұл жолы екінші рет өткізілгелі жатқан www.grant.kz Жүлдесі Қазнеттегі маңғыстаулық веб-сайттарды көркемдік, технологиялық, әлеуметтік, мәдени және индустриялық тұрғыдан айқындауды және оларды ынталандыруды көздейді. Интернет-жүлденің ережесі бойынша 31 қазанға дейін қатысушыларды қабылдау мен дауыс беру, ал қарашада – халықтық сарапшылар мен қазылар алқасының бағалауы болады. Номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін ұйымдастыру комитеті қазақстандық және шетелдік тәжірибелі әрі белгілі мамандар арасынан тәуелсіз қазылар алқасын жасақтайды. 3 желтоқсанда жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі болады.

            Жүлденің негізгі мақсаты — Маңғыстау облысында заманауи АКТ-технологияны жандандыру мен одан әрі дамыту және облыстағы интернет-қолдушылардың белсенділігін арттыру. Байқауға тақырыбы мен мазмұны жағынан Маңғыстау облысына тікелей немесе жанама қатысы бар сайттар қатыса алады.

Сайтты оның иесі, жасаушысы және кез келген қолданушы жарысқа қатыстыруға ұсына алады. Сайтта конкурс қатысушыларын қабылдаумен қатар, екінші кезеңде әр номинация бойынша жеңімпаздар үштігін анықтайтын халықтық сарапшыны қабылдау жүреді. Кез келген қызығушылық танытқан қолданушы сарапшы бола алады.

            Интернет-жүлденің жеңімпаздары негізгі 12 және қосымша 4 номинация бойынша анықталады. Жүлденің кәсіби қазылары мен халықтық сарапшылар тобы қойған баға қорытындысына қарай негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар белгілі болады.

            Негізгі номинациялар: «Мәдениет және өнер», «Білім, ғылым және тәрбие», «Медицина, денсаулық және спорт», «Тақырыптық және ақпараттық ресурстар», «Интернет-дүкендер мен онлайн қызметтер», «Қоғамдық-әлеуметтік белсенділік», «Жеке сайттар», «Мемлекеттік сектор», «Жылдың бизнес-сайты: Өндіріс және өнеркәсіп», «Жылдың бизнес-сайты: Жеткізу және сату», «Жылдың бизнес-сайты: Көлік және қызмет көрсету», «Жылдың бизнес-сайты: Консалтинг және қызмет».

            Қосымша номинациялар бағаларды салыстыру мен қолданушылар дауысының қорытындысы бойынша анықталады: «Үздік халықтық сайт», «Үздік қазақ тілді сайт», «Қазақ тіліндегі үздік сайт», «Үздік халықтық сарапшы».


«Географиялық алшақтық интернет-сайттарға санаулы секундтар ішінде танымал болу мүмкіндігін береді, сондықтан «Грант Қазақстан» корпоративтік қорының бастамасымен өтетін Жүлденің ұйымдастыру комитетінің басты мақсаты – Маңғыстау түбегінің үздік сайттарын Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге паш ету. Осындай конкурстар өткізу арқылы біз Қазақстанның АКТ-саласының дамуына жаңа серпін алып келгіміз келеді» дейді байқау ұйымдастырушылары.

Жүлде  «Грант Казахстан» корпоративтік қорының бастамасымен және  «Mediana.kz» интернет-компаниясының техникалық қолдауы негізінде өткізіледі. «Грант Қазақстан» қоры қызметінің негізгі мақсаты аймақта және Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және қолдау көрсету мақсатында әр-түрлі әлеуметтік, мәдени, қайырымдылық, білім беру және басқа да шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Интернет-жүлденің ұйымдастыру комитеті

info@grant.kz

+7(7292) 304-990

PR және баспасөз хабарламасы бойынша

Алтынгүл Меңдіхан
+7 707 5989810

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

  1. Өткізу кезеңдері

1 кезең. Жүлдеге қатысу өтінішін қабылдау – 1 қазаннан 31 қазанға дейін

2 кезең. Халықтық сарапшылардың бағалауы, финалистер мен үміткерлерді анықтау – 1 қарашадан 20 қарашаға дейін

3 кезең. Қазылар алқасының жұмысы, номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау – 21 қарашадан 30 қарашаға дейін

4 кезең. Жеңімпаздарды марапаттау – 3 желтоқсан

  1. Былтыр өткізілген жүлде жайында

Былтыр өткен Grant.kz`2013 Интернет-жүлдесі шарасына 196 веб-сайт тіркеліп, 25 мыңнан аса қолданушы дауыс берді. Марапаттау рәсімі 5 желтоқсан күні бесжұлдызды Renaissance Hotel қонақ үйінде өтті. Былтырғы Интернет-жүлде туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша ала аласыз: http://2013.grant.kz

Ұйысдастыру бойынша барлық сұрақтар

Өмірбек Құрбанбаев
+7
 777 6302010

Тимур Бектұр

+7 701 5371583

www.grant.kz