Намибия елшісі қазақстандықтарды сафариге қатысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Намибия елшісі қазақстандықтарды сафариге қатысуға шақырды

Намибия елшісі қазақстандықтарды сафариге қатысуға шақырды

Намибия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ндали Че Камати ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековке  Ақордада сенім грамоталарын тапсырып болғаннан кейін қазақстандықтарға сафариге қатысуға шақырды.

  • 7 Қазан 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Бұл — біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың басы. Мен бізде мүмкіндік пайда болғанына өте қуаныштымын», — деді Ндали Че Камати.

Елші Қазақстан мен Намибия халқының арасындағы терең тарихи байланыс әріден басталғанын атап өтті. Қазақстан бір кездері Намибия халқына тәуелсіздік үшін күресте қолдау білдірді. Сол үшін намибиялықтар Қазақстанға ырза.

Елшінің пікіріне қарағанда, Намибияда да Қазақстандағыдай  минералды ресурстардың арнайы қорлары бар. Сол үшін оларды игеруде оларға қазақстандық тәжірибе керек. Сонымен бірге, өзара сауда-саттықты дамыта беру керек.

Сондай-ақ өзара тиімді сауданы дамыту керек. Қорытындысында Ндали Че Камати қазақстандықтарды сафариге қатысуға шақырды.