Қазақстанда электрондық үкімет порталының барлық қызметтері мобильдік қосымшамен қамтамасыз етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда электрондық үкімет порталының барлық қызметтері мобильдік қосымшамен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда электрондық үкімет порталының барлық қызметтері мобильдік қосымшамен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда 3 жылдың ішінде электрондық үкімет порталының барлық қызметтері мобильдік қосымшамен қамтамасыз етіледі.

  • 7 Қазан 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Global e-Government Forum-2014 форумы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда электрондық үкіметтің айтарлықтай салмақты жүйесі қалыптастырылды және еліміз электрондық үкіметті дамыту тұрғысында барша елдердің арасында 28-орынға табан тіреді.

Мобильдік үкіметтің пайдаланушысы болу үшін телефон нөмірін электрондық үкімет порталындағы есеп жазбамен байланыстыру қажет. Бүгінгі күні бұл әрекетті egov.kz арқылы жасауға болады, жақын арада мұндай мүмкіндік Халыққа қызмет көрсету орталықтарында пайда болады. 

Сонымен қатар, пайдаланушылар ұялы телефондарына мысалы, ХҚКО құжаттардың дайындығы, балабақшаға кезектің өзгергені туралы хабардар ету және ескерту хабарламаларын ала алады. 

Сонымен қатар, А. Жұмағалиев қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің бір қатарын электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолдануынсыз, біржолғы пароль бойынша пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатқандығын хабарлады.  

«Атап айтқанда, бізге осы бағытты дамытуды жалғастыру керек екені анық. Электрондық үкіметті дамытудың келесі кезеңі  — бұл мобильдік үкімет. Бұл тұрғыда біз биылғы жылы халық арасында сұранысқа ие 50 электрондық қызметті ұсынбақпыз. Бұдан кейін үш жылдың барысында электрондық үкімет порталындағы барлық қызметтерді мобильдік үкіметке көшіруді қарастырып отырмыз»,-деді вице-министр.



Осы орайда А. Жұмағалиев Қазақстанда ұялы телефонды пайдаланушылар саны жоғары екенін тоқтала кетіп, сондықтан да электрондық үкімет аясында осы мүмкіндікті пайдаланбау дұрыс болмайтындығын атап өтті.