Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруда

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруда

Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның екінші президенті Леонид Кучмамен кездесу барысында сол елдегі жағдай бойынша пікір алмасты.

  • 7 Қазан 2014
  • 828
Фото - Caravan.kz

"Елбасы атап өткендей, екі ел арасындағы қарым-қатынастар өз ара тиімді әріптестікке, дәстүрлі достыққа негізделген. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруда", деп хабарлады сейсенбіде Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен.

Л.Кучма қазақстандық-украиналық қатынастарды әр түрлі салаларда одан әрі күшейтудің маңызылығын атап өткен, екі ел арасындағы өз ара ықпалдастық бұдан да жоғары деңгейге көтерілетіндігіне үмітін білдірді.