Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті

Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті

Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті.

  • 9 Қазан 2014
  • 927
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов осылай айтты, деп хабарлады аталған саяси ұйымның баспасөз қызметінен. 

«Комиссия бекітілген ережені басшылыққа ала отырып, терминологиялық жұмыстарды реттеу, қазақ тілі терминдерін біріздендіруге бағытталған мәселелерді шешуде. Мәселен, қолданыстағы реттелген термин қор бүгінгі таңда 10 мыңға жуық терминді құраса, соның ішінде, Комиссияның ережесі бекітілгеннен бері, яғни 1998 жылдан бері бекітілген терминдер саны 6352-ні құрап отыр», — деп атап өтті ол.  

 «Жүйелі түрде өткізілетін Комиссияның отырыстарында терминдер бекітіліп ғана қоймай, сөздіктер де мақұлданады. Мысалы, өткен жылы Комиссияның 4 отырысы болып өтті. Оларда заң шығару, халықаралық қатынастар, статистика салаларының 342 термині бекітіліп, 5157 бірліктен тұратын статистика саласының жіктегіші, 100 мыңнан астам терминнен тұратын 10 томдық қазақша-орысша салалық терминологиялық сөздік мақұлданды», — деп ойын түйіндеді C.Сәлемов.

Айта кетейік, отырыс барысында «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен бірге қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорын құру, сондай-ақ 2014 жылғы 4 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның бірінші отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.