Жыл соңына дейін бензин бағасы көтерілмейді - Е. Досаев - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл соңына дейін бензин бағасы көтерілмейді - Е. Досаев

Жыл соңына дейін бензин бағасы көтерілмейді - Е. Досаев

Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасының өсімін күтіп отырған жоқпыз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

  • 9 Қазан 2014
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету проблемаларына тоқталатын болсақ, бүгінде жанар-жағармай тапшылығы жағдайынан шықтық, сондай-ақ қыркүйек айындағы өзгерістерден кейін биыл оның бағасының өсімі қарастырылып отырған жоқ»,-деді министр.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы экономикалық өлшемдер мәселесіне де тоқталды.

«2015-2017 жылдарға байланысты параметрлер өзгеруі мүмкін. Бүгіндегі ахуалды еске отырып, ешкім де бір айлық болжамды нақты айта алмайды. Жағдай күн сайын өзгеріске ұшырауда. Біз 9 айдың қорытындысын күтіп отырмыз, осыдан кейін тиісті шешім қабылдайтын боламыз»,-деді Ұлттық экономика министрі.