Оқушыны зорлаған педофил сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыны зорлаған педофил сотталды

Оқушыны зорлаған педофил сотталды

Отандасымыз Ресейде педофилдік әрекеті үшін сотталды. 35 жастағы Андрей Шишков сот үкімі бойынша енді алдағы 14 жыл өмірін темір тордың арғы жағында өткізеді. Бірақ оның туыстары мен достары бұл істің анықталмаған тұстары көп деп отыр. Сондықтан Ресейдің Жоғарғы сотына дейін бармақ.

  • 10 Қазан 2014
  • 217
Фото - Caravan.kz


Алматыда туылған Андрей былтыр Ресейдің Майкоп қаласында тұратын ата-анасының жанына көшіп барған екен. Жергілікті православия гимназиясына жұмысқа тұрып, туристік үйірме жетекшісі болып жұмыс істепті. Бірақ былтыр қарашаның 13-інде оқушылардың бірі оның үстінен арыз жазып, зорлады деп айыптаған. Ұстаздың қолына сынып ішінде кісен салынып, сол күні кешке ол кінәсін мойындапты. Кейін өз сөзінен айныған Шишков апелляциялық шағым да жазған. Оның адвокаттары тергеу амалдары біржақты жүргізіліп, қылмысты дәлелдейтін бірде-бір дәлел жоқ деп отыр. Сондықтан Шишковтың жақындары заңгер жалдау үшін ақша жинауды жалғастыруда.