Қазақстанда геологиялық барлауға инновациялық технологиялар қолданылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда геологиялық барлауға инновациялық технологиялар қолданылатын болады

Қазақстанда геологиялық барлауға инновациялық технологиялар қолданылатын болады

«ҚазГеоТех» компаниясы кешенді аэрогеофизикалық түсіруді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи мамандандырылған ұшақты ұсынды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2014
  • 473
Фото - Caravan.kz

«ҚазГеоТех» ұшақты пайдалана отырып геофизикалық түсіруден басқа, әуе түсірілімін орындайтын ZTEM және VTEM бірегей тікұшақ электрмагниттік жүйелерін қолдануды жоспарлайды.

Компанияның әлеуетті тапсырыс берушілері бірқатар әлемдік компаниялар болды: RioTinto австралия-британдық концерні, Iluka австралиялық компаниясы және «Қазцинк» ЖШС. Жұмыстар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жүргізіледі.

Осылайша, «ҚазГеоТех» 2016 жылға дейін жұмыс көлемімен қамтамасыз етілді.

Айта кететін жайт, «ҚазГеоТех» ЖШС-ін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «GeoTech» канадалық компаниясымен бірлесе отырып ҚР ИДМ «Қазгеология» АҚ құрды. Компанияның басты міндеті Қазақстанның геологиялық барлау саласына әлемдік деңгейдегі заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу болып табылады. Компания бүкіл Орталық Азия өңірінің аумағында аэрогеофизикалық зерттеулерді жүргізуге арналған. Жұмыста жаңа технологияларды пайдалана отырып, «ҚазГеоТех» перспективалы алаңдар бойынша бірегей цифрлық ақпаратты алатын болады және кейінгі геологиялық барлау жұмыстарының тәуекелдерін азайта алады. Компанияның жобаларын жүзеге асыру төңірегінде қазақстандық мамандар болашақта жұмысқа орналастырылып, жаңа және озық жабдықта оқытылады. 

null

null

null