Фаст-фуд адамды семіртіп қана қоймай, ойлау жүйесін де бұзады - Ғалымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фаст-фуд адамды семіртіп қана қоймай, ойлау жүйесін де бұзады - Ғалымдар

Фаст-фуд адамды семіртіп қана қоймай, ойлау жүйесін де бұзады - Ғалымдар

Гамбургермен тұрақты тамақтану семіздік ауруына ұшыратып қана қоймай, адамның ойлау қабілетіне де кері әсерін тигізеді. Батыс Австралия Университетінің зерттеушілері осындай шешімге келіп отыр, деп хабарлады Росбалт. 

  • 10 Қазан 2014
  • 556
Фото - Caravan.kz


Мамандар 17 жастағы жастардың ойлау қабілетінің төмен, тіпті баяулығын зерттегенде олардың 14 жасында фаст-фудты көп жегендігінен болғанын анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай тағамдармен жиі тамақтану білімге ынтаны жойып, еске сақтау қабілетінің жұмысын бұзады. Әсіресе, жасөспірімдердің миы жетіліп келе жатқан тұста оның зияны орасан зор.