Түркияда шабуыл салдарынан үш полицей қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда шабуыл салдарынан үш полицей қаза тапты

Түркияда шабуыл салдарынан үш полицей қаза тапты

Белгісіз біреулер Түркияның Бингель провинциясы полициясының басшысына шабуыл жасап, жарақаттады. Оның жанындағы үш  офицер қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.

  • 10 Қазан 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz


Оқиға ел шығысындағы провинцияның әкімшілік орталығында болған. Жергілікті полиция басшысы Аталай Уркер «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына қарсы бұқаралық шаралардан кейін жапа шеккен кәсіпорындарды бақылап жүрген. Белгісіз біреулер Уркер мен оның жанындағы үш көмекшісіне оқ жаудырған.  

Түркияда бұқаралық тәртіпсіздіктер жалғасуда. Оны күрд тұрғындары түрік үкіметінің Сириядағы жағдайға араласпау туралы саясатына қарсылық ретінде ұйымдастырып отыр. Түркияның алты провинциясында, сонымен бірге Стамбұлдың бірқатар аудандарында коменданттық сағат жарияланды. Тәртіпсіздік салдарынан 20-дан астам адам зардап шекті.