Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы мәлімдеді.
Алматылық делегация мүсінді облыс орталығына Шығыс Қазақстан облысында Алматы күнін өткізу құрметіне тарту ретінде берді.
Оңтүстік астана символының салмағы төрт тонна.
«Президенттің тапсырмасымен біз аймақаралық ынтымақтастықты дамытуымыз тиіс. Бүгінгі кездесу осындай ынтымақтастықтың жақсы үлгісі. Мұндай шаралар халқымыздың достығын және мемлекетіміздің бірлігін білдіреді», — деп Алматы әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атап көрсеткендей, екі күн ішінде алматылық дәрігерлер облыс тұрғындарына арнап науқастармен 200 дәрігерлік ақыл-кеңес және үш күрделі ота жүргізді.