Сербияда Эбола қаупі салдарынан 700-ден астам адам карантинге жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сербияда Эбола қаупі салдарынан 700-ден астам адам карантинге жабылды

Сербияда Эбола қаупі салдарынан 700-ден астам адам карантинге жабылды

Сербияда Эбола дертінің таралу қаупі салдарынан 708 адам  карантинге жабылды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан хабарланды.

  • 10 Қазан 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

"Вирустың таралуына жол бермес үшін 708 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың 92-сі Эбола дертінің таралу қаупі бар аудандардан келді", — делінген хабарламада.

Осыған дейін, Эбола безгегіне шалдыққандардың саны 8033, індеттен қаза тапқандардың саны 3879 адамға жеткені хабарланған.