Үкімет басшысы отандық компанияларға шетелдіктермен серіктесіп жұмыс істеуге кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы отандық компанияларға шетелдіктермен серіктесіп жұмыс істеуге кеңес берді

Үкімет басшысы отандық компанияларға шетелдіктермен серіктесіп жұмыс істеуге кеңес берді

Бүгін Қазақстанның машина жасаушылары форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов отандық компанияларға шетелдік компаниялармен серіктесіп жұмыс істеуге кеңес берді. 

  • 10 Қазан 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде дамыған экономикаларда бірде-бір компания барлығын 100 пайыз өзінде өндіруге қауқарсыз. Барлық жоғары технологиялық компаниялар қосылған құндардың тізбегіне тұрады және оларда әлем бойынша өзге компаниялармен серіктестік бар. Олар ең үздік өнімді дәл осы жолмен өндіреді», — деді Үкімет басшысы.

Оның пайымынша, Қазақстанға аталған бағытта серіктесу мүмкіндігіне ие болып, басқа компаниялармен жұмыс істеу үшін еліміздің экономикасы әлемдік экономиканың бір бөлігі болуы қажет.

 «Осыған байланысты бүгінде аяқталып , қабылданған және 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы алғашқы үлкен жоба болып табылады. Бұл бір жағынан осы елдердің ішіндегі кооперация, ал екінші жағынан қазақстандық кәсіпорындар үшін өнімді өткізудің нарығын кеңейту мүмкіндігі», — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, К. Мәсімов кеше Брюссельде Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссия төрағасымен Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы кеңейтілген серіктестік туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтағандығын еске салып өтті.


«Яғни, Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақдан бөлек, еуропалық компаниялармен серіктесу мүмкіндігі бар», — деді Үкімет басшысы.