«Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алулардың ортақ нарығындағы кедергілерді жою жолында бірқатар шаруалар атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде 2015 жылдан бастап Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылғылар өндіру салаларындағы өндірушілері үшін ресейлік мемлекеттік тапсырысқа жол ашылады», — деді В. Мальцев.
Оның айтуынша, бүгінгі күні тараптар өнеркәсіптік саясаттың бірқатар құралдарын әртараптандырып, оларды мемлекет үсті деңгейінде реттеуге жіберді.
«Мысал үшін, 2010 жылғы 9 желтоқсанда қабылданған өнеркәсіптік субсидиялар ұсынудың бірыңғай ережелері туралы келісім қабылданып, ол қазір тұрақты жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті В. Мальцев.