Ақтөбеде мүгедек ана жарымжан немересімен далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мүгедек ана жарымжан немересімен далада қалды

Ақтөбеде мүгедек ана жарымжан немересімен далада қалды

Қарызы көбейіп кеткендіктен пәтердің иесі оларды қуып жатыр. Енді барар жері қалмаған мүгедектер суықта жертөлені де паналауға әзір. Бірақ ауруы асқынған 12 жастағы баланың жағдайы оны көтере алмайды. Сондықтан қазір дертіне дауа іздеуден бұрын қол жайып қыстап шығар орын сұрап, сандалып жүр.

  • 11 Қазан 2014
  • 230
Фото - Caravan.kz

Мәдина Жалмаханова 12 жастағы немересі Даниярмен бүгін осы пәтерде соңғы рет қонып шығады. Үш айдан бері ақысы төленбегендіктен үй иесі баспананы босатуға бір күн уақыт беріпті. Ертең олардың қайда барары белгісіз. Аяғы дімкәс әйелдің уақытша тұратын орын іздеуге мүмкіндігі де, ақшасы да жоқ.

Мәдина Жалмаханова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Жаңа ғана пәтер иесі хабарласты. Ақша таппасаң босат деді. Енді қайда барамын? Айына осы үйге 30 мың теңге төлеуіміз керек. Оны да өтей алмадық.

Ал 12 жастағы немересі Даниярдың туа бітті бір бүйрегі жоқ. Сонымен қатар қуық жолдары да дертті болып, дәреті тұрмайды. Ақыл-есі дұрыс дамымаған. Сондықтан ерекше күтім қажет.Бірақ қазір мүгедек әжесінің оны ойлауға мұршасы жоқ.


Мәдина Жалмаханова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Үйдің жертөлесі болса да тұруға әзірміз. Енді далада қалмасақ болғаны. Жатақхананың бір бөлмесі табылар деген үмітпен газеттегі хабарламаларды да қарадым.

-Мәдина Жалмаханова мүгедек немересін дертінен айықтырам деп жүргенде алаяқтарға алданып қалады. Жатақханадағы бір бөлмесін сатып қайырымдылық қорының атын жамылған сол адамдарға ақшасын ұстата қойыпты. Қазір енді онысын тәртіп сақшыларына дәлелдей алмай жүр. Ал пәтер кезегіне тұру үшін әлі 3-4 жыл өту қажет. Енді мүгедектер отбасының бар үміті тек қайырымды жандарда.