Қазалының келіншектері жолда босануға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазалының келіншектері жолда босануға мәжбүр

Қазалының келіншектері жолда босануға мәжбүр

Жүкті әйелдер жолда тууға мәжбүр! Қызылорда облысындағы Қазалы қаласында перзентхана жоқ. Толғақ қысқандар мұнда 18 шақырым жердегі аудандық перзентханаға барып босанады. Халық тығыз орналасқан өңірде балалар бөлімшесі де жоқ екен. Бүгін ашынған тұрғындар жанайқайын жеткізу үшін құлағалы тұрған ескі аурухана ғимаратының жанына жиналды.

  • 11 Қазан 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

– 8 мың халқы бар қаланың перзентханасының сиқы мынау. Бір басшы келіп осыны көре ме, көрмей ме, білмеймін.

Бірнеше баланы тәрбиелеп қатарға қосқан Күнқияш әже Қазалыдағы аналардың бүгінігі жай-күйіне қатты алаңдайды. Мұнда 1999 жылы қалалық перзентхана апатты жағдайда деп танылып, оны жабу жөніндегі сот шешімі шыққан. Ал Қазалыға қала дәрежесі берілгенімен, халқының жағдайы қалалықтарға ұқсамайды.

Ұлия Жұбаныш, Қазалы қаласының тұрғыны:

– Қаламызда перзентхана ашылуы керек. Балалардың денсаулығына қарайтын бөлім ашып берсін . Педиатр мамандар бар. Бірақ жататын стационарлар жоқ. Болмаса қала деген статусты алып тастасын.

Бір кездері аймақтағы тұрғындарға түгел қызмет көрсеткен қалалық ауруханада қазір мамандар жоқ. Қысқартудан кейін оның орнында шағын емхана қалған. 15 жылдан бері жүкті әйелдер Әйтеке би кентіндегі аудандық ауруханаға сабылып жүр. Екі араның қашықтығы – 18 шақырым.


Динара Дәстенова, Қазалы қаласының тұрғыны:

Ана мен баланың денсаулығын жақсартыңдар дейді. Біз халықтың санын қалай көбейтеміз?  Әйелдер жарты жолда босанып қалып жатыр. Екіқабат әйелдің баласы ішінде өліп қалып жатыр. Қаланың әкімі неге келіп халықтың жағдайын ойламайды?

Аурухананың бас дәрігері Сәндібек Өтегенов ашулы топтан ат-тонын ала қашты. Тіпті тілшілерге оңды жауап беруге де шамасы жоқ.

-Түсірме, түсірме керегі жоқ. Біз түспейміз, айналайын.

Елде жүзеге асырылған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы Қазалыны айналып өткендей. Тіпті, шағын қалаларды көркейтуге арналған бастама бұл жерге жақын арада жетпейтін тәрізді.