Қаскелеңде жүздеген адам жұмыс істейтін зауыт өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаскелеңде жүздеген адам жұмыс істейтін зауыт өртеніп кетті

Қаскелеңде жүздеген адам жұмыс істейтін зауыт өртеніп кетті

Алматы облысында оқыс оқиға! Қаскелең қаласындағы пластик қалдықтарын өңдейтін зауыттан алапат өрт шықты. Таң алдында тұтанған қызыл жалын бір цехті түгел шарпыған.

  • 11 Қазан 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz

Абырой болғанда, адамдар жапа шеккен жоқ. Мұнда пластик қалдықтарын қайта өңдеп, тұрмыстық зат шығаратын зауыт болған. Жалын ауқымды жерге тарағандықтан екі өрт сөндіру жасағы жұмылдырылды. Олар дайын өнімдерді сыртқа шығарып үлгергенімен, 11 тонна шикізат түгел күлге айналған.

Нұрдәулет Жұмабаев, Қаскелең қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:



–Оқиға орнына келе салысымен отты сөндіруге екі жасақ кірісті. Ғимаратты толығымен өрт шарпығандықтан, көп күш салдық. Енді толықтай тазарту жұмыстарын жүргіземіз.