Алматыда жолға таласқан жүргізушілер адам қағып өлтіре жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолға таласқан жүргізушілер адам қағып өлтіре жаздады

Алматыда жолға таласқан жүргізушілер адам қағып өлтіре жаздады

Алматыда жолға таласқан 3 көлік кесірінен бір жаяу жүргінші зардап шекті. Жас қыз қаннен-қаперсіз тротуармен кетіп бара жатқан екен. Әзірге апатқа нақты кімнің кінәлі екені белгісіз.

  • 11 Қазан 2014
  • 395
Фото - Caravan.kz


Тіпті оқиғаны өз көздерімен көргендер де оның қалай болғанын анық айта алмауда. Тек үш көліктің де бір бағытпен жүйткіп келе жатқаны мәлім. Алдын- ала болжамға қарағанда, рөлдегілер жолға таласып, жарысқан көрінеді. Сол кезде «Тойота» жүргізушісі тізгінге ие болмай, екі көлікті соғып, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Сөйтіп, жөнімен кетіп бара жатқан қызды қағып өтті. Ауыр жараланған қыз аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Ал апатқа себепкер болған жігіттер дін аман.