Атырау облысында жантүршігерлік апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жантүршігерлік апат болды

Атырау облысында жантүршігерлік апат болды

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Оқиға  Атырау-Астрахань тас жолында болған. Исатай ауданына қарасты Жанбай елді мекенінің тұсында «Фольксваген-Шаран» мен «Тойота-Камри» автокөліктері бетпе-бет соғылды.

  • 11 Қазан 2014
  • 540
Фото - Caravan.kz


Оқыс оқиға салдарынан 52 жастағы «Шаранның» жүргізушісі мен ондағы 73 және 14 жастағы екі адам, ал «Камриде» отырған 67 жастағы зейнеткер әйел қаза тапты. Ал тағы үш адам әртүрлі жарақатпен Аққыстау ауылына, кейін Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Жол ережесін қай көліктің бұзғанын қазір Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.