Суды тазарту үшін пайдалануға болатын жаңа бактериялар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суды тазарту үшін пайдалануға болатын жаңа бактериялар табылды

Суды тазарту үшін пайдалануға болатын жаңа бактериялар табылды

Жапония теңізінің суын зерттеу барысында Приморский аймағы жағалауынан ғалымдар тобы жаңа бактерияларды тапты. Олар алдағы уақытта ағынды суларды тазартуға пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы «Интерфакс-Дальний Восток» хабарлады.

  • 13 Қазан 2014
  • 734
Фото - Caravan.kz

Биоорганикалық химияның Тынық мұхиты институтының қызметкерлері Австралия, Жаңа Зеландия, Франция, Испания мен Жапония ғалымдарымен бірге Чажма айлағында теңіз суын зерттеген. Сол кезде бактерияның жаңа түрі анықталған.

Жаңа бактерияларға Marinobacter salaries, Marinobacter similis деген атау берілді. Бұл бактериялардың ерекшелігі — синтетикалық жуу құралдары мен кейбір дәрілік заттарды өндіруде кеңінен қолданылатын детергенттерді бұза алатын қасиеті бар.

«Детергенттердің молекулаларын бұзу оңай емес, ал оларды су қоймаларына тастау көбіне судың «гүлденуіне» әкеледі. Ол суды пайдалану шарттарының бұзылуы мен халық денсаулығының нашарлауына әкеп соғады», — делінген хабарламада.


Алдағы уақыта теңіз бактерияларының жаңа түрі ағынды суларды тазарту үшін қолдануылуы мүмкін.