Инсульттың даму қаупін айтарлықтай бәсеңдететін факторлар - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инсульттың даму қаупін айтарлықтай бәсеңдететін факторлар

Инсульттың даму қаупін айтарлықтай бәсеңдететін факторлар

АШ-тағы Каролина институтының зерттеушілері 31696 әйелден сауалнама алды.

  • 13 Қазан 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz

Оған қатысушылардың орташа жасы 60-ты құрады. Әйелдер тамақтану мен салауатты өмір салты туралы 350 сұрақтан тұратын сауалнаманы толтырды. Содан кейін ғалымдар қытасушыларды 10 жыл бойы бақылаған, деп хабарлады Science World Report.

 Зерттеушілер салауатты өмір салтын сақтаудың 5 тәсілі —  дұрыс тамақтану, алкогольді орынды тұтыну, темекіден бас тарту, физикалық белсенділіктің жоғары деңгейі және артық салмақ қоспауды ұсынды. Дұрыс тамақтанудың негізіне олар  тамақпен бірге жеміс-жидек, көкөністер мен майсыз сүт өнімдерін пайдалануды таңдады. Алкогольді орынды тұтыну межесі ретінде аптасына 3-9 рет ішу белгіленді. Физикалық белсенділік ретінде велосипедпен күніне 40 минут жүріп, аптасына бір сағат көлемінде  энергияны шығаратын дене жаттығуларын жасау қарастырылды.

Әйелдердің көбі 2-3 кеңесті ғана іс жүзінде ұстанды, ал бесеуін де ұстанғандар — 589 болса, біреуін де жасамағандар — 1525 болып шықты. Осы зерттеуге қатысқандардың 1554-інде инсульт дами бастаған. Ұсынылған бес тәсілдің бәрін ұстанған әйелдердің инсульт қаупі оны мүлде ұстанбағандарға қарағанда 54 пайызға төмен болды.