Ертіс өзенінде медуза пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс өзенінде медуза пайда болды

Ертіс өзенінде медуза пайда болды

Ертіс өзенінен денесі іркілдеген мөлдір түсті теңіз жәндігін алғаш болып балықшылар байқаған. Мамандар Октябрь су тоғанында теңізде тіршілік ететін жәндіктің пайда болғанын растап отыр, деп жазады 24.kz.

  • 13 Қазан 2014
  • 813
Фото - Caravan.kz

Өскемендіктер үшін Ертіс өзенінде медузаның пайда болғаны тосын жаңалық. Өйткені бұрын соңды көрмеген теңіз жәндігі шығысқа қашан, қалай келгені белгісіз. Кәдімгідей су бетінде қаптап жүрген медузаның қарасы күн өткен сайын көбейіп барады.

«Теңіз жәндігі жылы жаққа ығыстап бара жатқан болуы керек», — дейді балықшы Юрий Якушев. Ол алғаш рет медузаны Ресейдің Владивосток қаласында әскери борышын өтеп жүргенде көріпті. Он бес жыл бойы өзен жағалап жүрген балықшы Ертіс өзенінен медузаны көріп таңғалған.

— Мен бастапқыда балықтың уылдырығы екен деп қалдым. Анықтап қарасам, медуза. Денесінің дәл ортасынан төртке бөлініпті, пішіні бармақтың жартысындай ғана. Әдетте медузалар теңізде мекен етеді. Арктикадан бастап, тропикалық теңіздерден оның сан алуан түрін кездестіруге болады. Бірақ олардың өзенде қайдан пайда болғандығы мамандарды да ойландырып отыр, — дейді балықшы.