Бұл туралы бүгін ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстандың делегция басшысы, EXPO-2017 комиссары, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапиль Жошыбаев 10-11 қазан күндері Түркіменстанға жұмыс сапары барысында министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередовке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтың атына жолдаған хатын табыс етті.
Әңгіме барысында тараптар қазақ-түркімен қатынастарының жағдайы мен келешегін жоғары бағалады. Оның ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың Түркіменстанға алдағы ресми сапары және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық темір жол магистралінің түркімен-иран учаскесін салтанатты ашылуына оның қатысуына дайындық мәселелері бар.
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түркімен үкіметаралық комиссиясының VIII отырысының күн тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, Каспий жағалауы елдерінің Астрахань қаласында өткен IV саммитінің қорытындысы талқыланды.
Тараптар барлық салалардағы екіжақты ыетымақтастықты дамытуға, оның ішінде екі бауырлас ел астаналары арасында тікелей әуе қатынастын ашу мүмкіндігіне ортақ қызығушылық білдірді.
Р.Жошыбаев Астанада халықаралық көрме өткізуге дайындық жөнінде өткізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.
Вице-премьер П.Таганов Түркіменстан "ЭКСПО-2017" көрмесіне лайықты қатысатынын және көрмеде үлкен алаңы бар павильон алуға мүдделілік танытатынын мәлімдеді.