Қажылық сапарда екі жерлесіміз қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылық сапарда екі жерлесіміз қайтыс болды

Қажылық сапарда екі жерлесіміз қайтыс болды

Мекке қаласындағы қажылық сапарда екі жерлесіміз қайтыс болды, деп жазады 24.kz.

  • 15 Қазан 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз хатшысының хабарлауынша, марқұмдар қажылық рәсімнен тыс жерде көз жұмған.

69 жастағы Баба Никанды жолаушылар тасымалдайтын автобус соғып, мерт қылыпты. Ал жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын 75 жастағы Ботан Жүсіпованы дәрігерлер ажалдан арашалап қалуға қанша тырысса да, нәтижесіз болыпты.

Жалпы мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша қажылық сапарда ажал құшқан адамның денесі қасиетті мекенде жерленеді. Әзірге марқұмдардың денесі елге орала ма, ол жағы белгісіз болып тұр екен.


Биыл қыркүйекте Аллаға құлшылық етіп, ғибадат ету үшін 5 мың жерлесіміз Меккеге аттанған еді.