«Алтын Орда қонысын, оның ішінде жақсы сақталған орынды табу аса сирек кездесетін сәттілік. Ірі қалаларға қарағанда мұндай мекендердің сақталып қалуы неғайбыл», — деді Кубанкин.
Қазба орындарынан XIV ғасыр ортасындағы тиындар мен ыдыс-аяқтар табылды. Бұл орын жақын жерде орналасқан ірі алтынордалық Үкек қаласымен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін деп санайды археологтар.
Археологтардың пікірінше, Үкек қаласының негізі XIII ғасырдың ортасында қаланды. Ол XIV ғасырға дейін өмір сүрген. Кейіннен Әмір Темір әскері қиратқан деген болжам бар. Қала ірі қалалардың біріне жатқан. Оған Марко Поло мен Абу-ль-Фида сияқты саяхатшылар келген.