Ақтаудағы әскери бөлімшелердің бірінде оқ тиген жауынгер есін жиды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы әскери бөлімшелердің бірінде оқ тиген жауынгер есін жиды

Ақтаудағы әскери бөлімшелердің бірінде оқ тиген жауынгер есін жиды

ІІМ Ұлттық гвардиясының Ақтаудағы №6656 әскери бөлімшесінде болған оқиға қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған.

  • 15 Қазан 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аталған бөлімше командирі подполковник Хамид Қазенов мәлім етті.

«Жауынгер биыл көктемде Тараз қаласынан әскер қатарына алынған болатын. Біз күзет бекетінде қауіпсіздік талаптары бұзылған болуы мүмкін деген болжам жасап отырмыз. Қазір солдаттар қаруды арқасына асынбайды, арнайы қару салғыш бар. Бұл тәртіпке жауынгерлер үйрене алмай жатыр. Мұны суицид деуге болмайды. Ол жерде бақылау камералары орнатылған. Оқиға жауынгер қарауыл ауысқан кезде қаруын алмақ болған кезде болған», — деді Х.Қазенов журналистерге.

«Біз бұл оқиға туралы әскери прокуратура мен әскери-тергеу басқармасына хабарладық. Қосымша тергеу жүргізіледі», — деп қосты подполковник.


Жарақат алған жауынгер жеткізілген облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Пациент наркоздан кейін есін жинап жатыр. Ахуалы тұрақтанғаннан кейін оны хирургия бөлімшесіне көшіреміз», — дейді олар.

Бұған дейін хабарланғандай, 1993 жылы туған солдат дүйсенбі күні ауруханаға түскен болатын.